Рейстер 8 шілдеден бастап жүзеге асырылады
ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Башқұртстан Республикасының Көлік және жол шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Нұр-Сұлтан мен Уфа қалалары арасында тұрақты жолаушылар рейсін ашу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ресейлік «Азимут» әуе компаниясы осы жылдың 8 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан – Уфа бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен жұма күндері тұрақты жолаушылар рейсін жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ұшулар RRJ-95 типті ұшақтарда орындалады.
Билеттерді Azimuth Airlines ресми сайтынан алуға болады.