Қайтыс болғандардың 24-і әскери қызметкерлер
Үндістанның солтүстік-шығысындағы Манипур штатында болған лай көшкінінен 42 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жергілікті билік 30 маусымда Нони ауданына жақын маңда лай көшкіні жүргенін хабарлады.
Құтқару-іздеу жұмыстары 5 күннен бері жүргізіліп жатыр. 13 әскери қызметкер мен 5 азаматтық тұлға құтқарылды. Әлі де 20 адамның тағдыры белгісіз.