Шамамен бір мың шаршы аумақты жалын шарпыған
Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағасында екі бірдей демалыс орны өртеніп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 4 шілде күні сағат 23-20 шамасында шыққан.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаметінің 10 қызметкері, үш техника және жергілікті атқарушы орган өкілдері мен тұрғындар жұмылдырылды.