Шымкенттегі Шаолинь мектебінің шәкірті елді таң қалдырды
Монастырьдағы ұстаздардан дәріс алған қария су бетінде 4,5 метрге дейін жүгіріп өте алады

Шымкент қаласында Шаолин мектебінің шәкірті тұрады. Болатбек Нұрманов өмірінің үш жарым жылын Гуанчжоудағы ғибадатханасында өткізген. Ол Қытай жерінде қоян-қолтық ұрыстың қыр-сырын меңгеріп, монастырьдағы ұстаздардан дәріс алыпты. Қазір 70 жасқа таяған қария жатығу жасауда әлі де жалғастырып келеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Түркістан телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Болат Нұрманов Гуанжоу қаласындағы Шаолин мектебінде жаттыққан. Ол Шығыс жекпе жегімен 25 жасынан бастап айналыса бастапты. «Монастрь» мектебіне қабылданбас бұрын сынақ тапсырған. Бұрын спортпен айналысқан соң ол сыннан өту қиын болмағандығын айтады.
«Шаолин мектебіне 1979 жылдары кеттім. Ол кезде 25 жаста болатынмын. Содан біреумен жекпе-жекке шығарды. Ол мені бір-екі рет тепті мен оны аяғынан ұстап құлаттым», - дейді қала тұрғыны Болат Нұрманов.
Қария қазір де күнделікті жаттығулар жасап, у-шудың байыппен жасалатын әдіс-тәсілдерін қайталап тұрады. Ал қолдан жасалған аспалы тұлыпты күнде ұрып-тұру үйреншікті ісі. Біз қариядан қорғану әдістерін де сұрап білдік.
Ғибадатханада үш тәсілді үйрендім дейді ақсақал. Осының арқасында 1981 жылы у-шу бойынша Қытайда өткен әлем чемпионатына қатысыпты. Онда қарсыластарын ойсырата жеңіп, әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ Болат Құрманов су бетінде 4,5 метрге дейін жүгіріп өте алады екен.
«Суда жүруді көбі ойлайды фантастика деп. Ол негізі мүмкін нәрсе. Суда жүруді кері тебіну дейді. Оның өзіндік әдісі бар», - деді ол.
Қария қазір де күнделікті жаттығулар жасап, у-шудың байыппен жасалатын әдіс-тәсілдерін қайталап тұрады. Ал қолдан жасалған аспалы тұлыпты күнде ұрып-тұру үйреншікті ісі. Болат Құрманов жасы қазір 70-ке таясада үй шаруашылығымен айналысады. Баубақшадағы гүлдерді де сәнді етіп жайқалтқан.