Күдіктіге іздеу жарияланды
АҚШ-тың тәуелсіздік күніне арналған шеруде Иллинойс штатында белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырған. Соның салдарынан кем дегенде 6 адам қаза тапты, 24-і жарақаттанды. Бұл туралы Интерфакс жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға Чикаго маңындағы Хайленд паркта болған. Жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Қазір күдіктіге іздеу жарияланған, жергілікті тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берілді.
Шеруге қатысушылардың бірі CNN-ге жергілікті уақыт бойынша сағат 10:20 шамасында белгісіз біреу 20-30 рет оқ атқанын айтты.
The Washington Post-тың хабарлауынша осы оқиғадан кейін жақын маңдағы өзге де қалаларда мерекелік шеру өтпейтін болды.