Құжат қоғамдық талқылауға 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін ұсынылады
ҚР Тұңғыш Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тиісті жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығының тақырыбы «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» деп өзгертілсін», - делінген хабарламада.
Жобаның ҚР Президентінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленгені хабарланды.
Сонымен қатар, шәкіртақы мөлшері де айына 20 АЕК-тен 55 АЕК-ке дейін өзгереді.
Құжат қоғамдық талқылауға 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін ұсынылады.