Өзбекстан президенті Конституцияның дау тудырған баптарын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстандағы толқыған халықты сабырға шақыру үшін Нүкіс қаласына барды
Шавкат Мирзиёев Нүкіс қаласына арнайы барып, Жоғарғы Кеңес депутаттарымен, ақсақалдармен және Қарақалпақстанның белсенді азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі әлі де талқыланып жатқанын, сонымен қатар Қарақалпақстан азаматтарының ой- пікірін ескере отырып ел президенті Өзбекстан Республикасы Конституциясының 70, 71, 72, 74, 75 баптарын өзгеріссіз қалдыру қажеттігін білдірді.
1 шілде күні Қарақалпақстан азаматтары Нүкіс қаласында шеру ұйымдастырып, одан кейін орталық базар аумағына жиналып, заңсыз демонстрация өткізген болатын. Қарақалпақстанның егемендігіне қатысты баптар халықтың наразылығын тудырған.