$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сенатта ғылым мен жоғары білімді дамыту жөнінде арнайы жұмыс тобы құрылады

Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты

Сенатта ғылым мен жоғары білімді дамыту жөнінде арнайы жұмыс тобы құрылады
фото: М.Әшімбаев/ instagram

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Талдау мектебі аясында ұйымдастырылған отандық ғылымның болашағына қатысты форсайт-сессияға қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәулен Әшімбаев білім мен ғылым кез келген елдің ілгері жылжуына, қоғамның дамуына әсер ететін факторлардың бірі деп атап өтті. Сондықтан бұл саланың өркендеуіне жағдай жасау аса маңызды.

«Қазіргі таңда елімізде Президентіміздің бастамасымен бұл бағытта нақты және маңызды қадамдар жасалуда. Сенат қолға алынған жұмыстарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге және бұл саладағы құқықтық базаны одан әрі жетілдіруге мүдделі. Осыған орай қыркүйек айында елімізде ғылым мен жоғары білімді дамыту мәселелері жөнінде арнайы жұмыс тобын құруды жоспарлап отырмыз. Бұл бағытта Сенат ғалымдармен, сарапшылармен және мүдделі институттармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Сол арқылы заман талаптарына сай келетін жаңа құқықтық нормаларды айқындап, саланың дамуына тың серпін береміз деп санаймын», - деді Сенат Төрағасы.

Сонымен қатар ол аталған жұмыстың аясында бүгін айтылған ұсыныстар ескерілетініне тоқталды.

Серіктес жаңалықтары