Алматыда Ана мен бала институтындағы әйел өліміне қатысты іс қозғалды
Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды
30 маусымда "Акушерлік, гинекология және геронтология ғылыми орталығы" АҚ-та қайғылы оқиға орын алды. Осыдан жеті күн бұрын 34 жастағы әйел кесарь тілігінен кейін комаға түсіп қалған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz сайтына сілтеме жасап .
Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері қолға алынып, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - деді Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры Асхат Жақыпов.
Қылмыстық істі тергеу барысын аудан прокуратурасы айырықша бақылауына алды.
Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды: жаңа туған ұлы мен 11 жасар қызы.