«Қондырғы оларды турап тастаған»: Жамбылдағы комбинатта екі қызметкер қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір осы дерек бойынша тергеу басталды
 

Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысындағы кәсіпорында қайғылы жағдай. Екі жұмысшыны фосфор ұнтақтайтын қондырғы турап тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Сұмдық оқиға «Қазфосфат» серікітестігінің Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болды. «Қаратау кен өндіру» комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын қондырғыны жөндеу кезінде ол іске қосылып кеткен. Ішінде бес адам болыпты. 35 және 28 жастағы екі қызметкер сол жерде жан тапсырды.

 Бейресми мәліметтерге сүйенсек, құрылғы екеуінің денесін кескілеп, бөлшектеп тастаған. Қаза тапқандар дәнекерлеуші және слесарь болып жұмыс істеген екен. Өзге үш адам жеңіл жарақатпен құтылды. Қазір осы дерек бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.