Демалыс күндері ауа райы салқын әрі жаңбырлы болады – синоптиктер

Автор: Azattyq Rýhy

Бұршақ, дауыл, жел болуы мүмкін

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Республиканың басым бөлігінде ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста 2 шілде күні, солтүстік-батыста 3 шілде күні, оңтүстікте, республиканың орталығында 4 шілде күні жаңбыр жауады, сол сияқты бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі.

Еліміздің барлық аумағында күн райы салқын болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.