Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан тағы бір адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жалған ақпаратты қасақана таратқанын мойындады

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысының полицейлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан фармацевтикалық компанияның қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Биыл 29 қаңтарда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Whatsap әлеуметтік желісі арқылы жалған ақпарат тарату фактісі анықталды.

«Тексеру іс-шараларын жүргізу барысында дауыстық хабарды таратқан әйелдің фармацевтикалық компанияның 37 жастағы жұмысшысы екені анықталды. Жауап алу барысында ол қасақана жалған ақпарат таратқанын мойындады. Қазір Полиция департаменті ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігінің сотқа дейінгі тергеуін бастады», - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар Ақтөбе облысының Полиция департаменті жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.