Ауа райы: бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін

Azattyq Rýhy

1 шілдеде республикада найзағай ойнап, жел күшейеді 

Ауа райы: бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер Қазақстанда 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

"Бүгін республикада найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді, тұман түседі", - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Болжам бойынша, күндіз Алматының солтүстігінде, Жетісу, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Абай облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 01 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: күндіз 01 шілде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қ: 01 шілдеде өтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

1-2 шілдеде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, 01 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. 02 шілдеде жел күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 01 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.