Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын жаумайды
«Қазгидромет» РМК 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі .
«Қазгидромет» кәсіпорнының мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі әлі де болса антициклонының ықпалында. Соған байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын жаумайды. Елдің тек батысы, солтүстік-батысында ғана атмосфералық ағындардың ықпалынан жауын-шашын болуы ықтимал. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейе түсуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жарма ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 27 м/с-ке жетеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.