Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Видеодан кадр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы Президенті, Халық Мәслихаты Ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі», - делінген хабарламада.