$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында 113 елдімекенде таза ауыз су жоқ

Ал бұл мақсатқа бюджеттен миллиондаған қаражат бөлінген

Түркістан облысында 113 елдімекенде таза ауыз су жоқ
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында 113 елдімекенде таза ауыз су жоқ.  89 ауылда су тарату нысандары санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз пайдаланылуға берілген.  Бұл заңбұзушылықтар облыс прокурорларының  тексеруі кезінде анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісай ауданында су тазартқыш мембрананың жұмыс істемеуінен тұрғындарға тұзды су беріліп келген. Ал Қазығұрт ауданында санитарлық қорытындылары жоқ су құбырларымен су таратылған.  Яғни  жұрт сапасыз, тазартылмаған су ішкен. Ал бұл мақсатқа бюджеттен миллиондаған қаражат бөлінген. Құзырлы орын өкілдері, суға қатысты тарифті бекіту мен субсидиялау бойынша да бірқатар кемшіліктердің анықталғанын айтты. 

 «Талдау қортындысымен облыс әкімдігінің атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгіздік. Ұсынудың қарау нәтижесі бойынша қала-аудандардағы ауыз су саласына жауапты бөлім басшылары, жауапты бөлім мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Түркістан облыстық прокурорының аға көмекшісі Бақытжан Әбдешов.

Серіктес жаңалықтары