$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қорғаныс министрлігі әскерге барудан қашқан колледж түлектеріне қатысты пікір білдірді

Оларды әскери комиссариат қызметкерлері күштеп әкетпейді

Қорғаныс министрлігі әскерге барудан қашқан колледж түлектеріне қатысты пікір білдірді
Фото ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігі әскери комиссариат қызметкерлерінен терезе арқылы қашқан колледж студенттеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерде «Әскерге әкетпек болған комиссариат қызметкерлерінен терезе арқылы қашып бара жатқан колледж студенттері» деген мәтіні бар видео тарады. Бейнематериалда айтылғандай, бұл жағдай студенттердің диплом қорғау сәтінде болған.

Осы жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі әскери қызметке шақыруға жататын азаматтар жергілікті басқару органының шақыру қағазы бойынша келуге міндетті екенін хабарлады. Шақыру қағазын жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері азаматтың жеке өзіне немесе жұмыс, оқу орнының ұйым басшысына тапсырады.

«Бұл оқиға осыдан шамамен 10 күн бұрын болған. Оның неге соңғы бірнеше күнде бұлай тарап кеткенін білмейміз. Біз ол әскерге шақырылған жастар мен олардың ата-аналарымен сөйлестік. Олар диплом алып жатқан түлектер. Сондықтан олар оқуды аяқтаған болып саналады. Тиісінше медициналық тексерістен өту үшін келуге міндетті. Оларды әскери комиссариат қызметкерлері күштеп әкетпейді. Тек оларды медициналық тексеріске шақырған», - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, азаматтарды әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыру, орындау жергілікті әкімдіктерге жүктеледі. Сонымен қатар мнистрлік мерзімді әскери қызметке іріктеу бірнеше кезең бойынша жүргізілетінін атап өтті. Әуелі азамат медициналық тексеруден, кейін психологиялық іріктеуден және әскери басқарманың өкілдерімен әңгімелесуден өтеді.

 «Тәжірибе көрсеткендей, әскерге шақырылғандар мен олардың ата-аналары заңнама талаптарын елемейді. Шақыру қағазын алған азаматтар шақыру комиссиясына келмейді. Ал оларды мәжбүрлеп әкелу мүмкін емес. Сондай-ақ заңға сәйкес шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда оның келуін қамтамасыз ету міндеті Ішкі істер органына жүктеледі», - деп хабарлады ведомство.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу орнының басшылығымен келісілген тәртіпте оқуды тәмәмдап жатқан түлектерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық комиссияға шақыру қағаздары тапсырылып жатыр.


 

 

Серіктес жаңалықтары