$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекеттік туды қоқыс шығаруға пайдаланғандардың видеосына қатысты әкімдік түсінік берді

Жетісу ауданының әкімдігі полицияға арыз түсірген

Мемлекеттік туды қоқыс шығаруға пайдаланғандардың видеосына қатысты әкімдік түсінік берді
Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде тараған Мемлекеттік тудан қапшық жасап, қоқыс тасығандардың видеосына қатысты Алматы қаласы, Жетісу ауданының әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Видеодағы арнайы техника Алматы қаласы Жетісу ауданының санитарлық тазалығына жауапты мердігер ұйымдардың ешқайсысына тиесілі емес. Сондай-ақ Бөкейханов көшесінде Жетісу ауданының ұйымдары сенбілік өткізбегенін хабарлаймыз. Ұсынылған видеода Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі аймақ-01 сериясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген», - деп жауап берді әкімдіктен.

Сонымен қатар, Жетісу ауданы әкімдігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінен автокөліктің кімге тиесілі екенін анықтауды өтінді.

 «Өз кезегімізде біз видео авторын жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілікке тарту үшін Алматы қаласының полиция департаментіне арыз түсірдік», - деп атап өтті Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде мемлекеттік тудан қапшық жасап, қоқыс тасыған жүк көлігінің видеосы тарағанын жазған болатынбыз. Видео авторының айтуынша, бұл оқиға Алматының Жетісу ауданындағы Бөкейханов көшесінде сенбілік өтіп жатқан жерде болған. Яғни, қоқыс шығаруға арналған қапшық орнына еліміздің мемлекеттік туын қолданған.

Серіктес жаңалықтары