28.06.2022, 12:51
Жаңалықтар
Шавкат Рахмонов UFC-дің үздік ондығына енді
Оның соңғы қарсыласы 12-орынға түсіп қалды
Фото ашық дереккөзден
Шавкат Рахмонов Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін UFC-де жартылай орта дивизион рейтингісінің алғашқы ондығына кірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Рахмонов өткен демалыс күндері Лас-Вегастағы UFC турнирінде америкалық қарсыласын екінші раундтың соңында нокаутқа жіберді. Осылайша отандасымыз UFC-де төртінші рет қатарынан жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы UFC-дің жартылай орта дивизионы бойынша рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартты. Ол бірден 5 позицияға көтеріліп, қазір 10-орынға тұрақтады. Ал Рахмоновтан жеңілген Мэгни 12-орынға түсіп қалды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)