СҚО-да көкжөтел ауруы тіркелді
Көкжөтелге шалдыққан науқас Петропавл қаласының тұрғыны
Солтүстік Қазақстан облысында көкжөтел тіркелді. Мамандар жұқпалы дерттің зертханалық талдау жүргізу арқылы расталғанын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Көкжөтелге шалдыққан науқас Петропавл қаласының тұрғыны. Ол тиісті ем алып жатыр.
«Көкжөтел-бұл көбінесе балаларда байқалатын және белгілі бір клиникалық көрінісі мен белгілері бар инфекциялық ауру. Көкжөтелдің ерекшелігі-тыныс алу функциясының бұзылуы және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы. Жиі асқынулар екі жасқа дейінгі балалар мен қарттарға тән. Алайда, кез-келген жаста ауру әл-ауқатты едәуір нашарлатуы мүмкін, сондықтан көкжөтел белгілері мен инфекцияның алдын-алу әдістерін білу керек», - дейді Солтүстік Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағындықова.
Мамандардың айтуынша инфекция ауру жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа-тамшы арқылы жұғады. Сырқат адам аурудың айқын сатысы басталғаннан кейін 30 күн ішінде алғашқы патологиялық көріністерден инфекцияны тарата алады.
«Көкжөтелдің белгілері жоғарғы тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас. Дене қызуының +38°С-қа дейін көтерілуі, қалтырау. Әлсіздік, бұлшықеттердегі «ауру», бас ауруы. Мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, шырышты қабықтың ісінуі. Аурудың өсуінің негізгі себебі-ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы. Қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты балаларды көкжөтелге қарсы уақтылы вакцинациялау және ревакцинациямен жоғары деңгейде қамту, инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң сақтау қажет», - дейді Айнаш Сағындықова.
Көкжөтелге қарсы негізгі алдын алу шарасы - екпе. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, алғашқы вакциналардың бірі – балаларды 3 аурудан: дифтерия, сіреспе және көкжөтелден қорғайтын біріктірілген AКДС вакцинасы. Көк жөтелден максималды қорғау үшін балаларға 2 айдан басталатын 3 вакцина алу керек. Келесі вакцинация 4 айда, ал үшіншісі бір жарым жаста жүргізіледі.