ҰҚК дәрі-дәрмектердің контрабандалық жолын кесті

Автор: Azattyq Rýhy

Контрафактілік өнімдердің үлкен партиясы айналымнан алынды

ҚР ҰҚК дәрілік заттар әкелудің контрабандалық арнасының жолын кесу туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2022 жылдың 24 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде шетелден жалған өндіріске қажетті шикізат ретінде көрсетілген дайын дәрілік заттардың ірі көлемінің (таблетка түрінде) контрабандалық жеткізу арнасының жолы кесілді.

Онкологиялық ауруларды емдеу үшін республикамыздың медициналық мекемелеріне жіберетін коммерциялық ұйымдарға арналған контрафактілік өнімдердің үлкен партиясы айналымнан алынды», - делінген ведомство хабарламасында.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.