$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда жануардың артынан қуып бара жатқан жүргізушінің видеосы жарияланды

Қуғын нәтижесінде аң зардап шекті ме, жоқ па белгісіз

Маңғыстауда жануардың артынан қуып бара жатқан жүргізушінің видеосы жарияланды
Фото ашық дереккөзден

Желіде Маңғыстауда итаюдың артынан қуып бара жатқан жүргізушінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қуғын нәтижесінде аң зардап шекті ме, жоқ па белгісіз. Бірақ кадр сыртындағы әңгімеге қарағанда, жүргізушілер жолда қандай аң кездестіргенін түсінгісі келеді. Итаюдың сыртқы келбеті борсыққа, ал қылығы күзенге ұқсас. Ол - сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.

Өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін олар тек бұрынғы КСРО аумағында Түркіменстанда өмір сүрді деп есептелген. Қазақстан аумағында оны алғаш рет зоолог А.Н. Коринфский ашқан. 1964 жылдан бастап Маңғыстау облысының аумағында тұрақты түрде зерттеулер жүргізген ол итаюды 1983 жылы ғана кездестірген. 

Итаю еліміздің териофаунасына кіреді. Өте сирек кездесетін түр, сондықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, мәртебесі - I санат. Негізгі жауы - қасқырлар мен иттер.

 

Серіктес жаңалықтары