Маймыл безгегінің таралуы халықаралық деңгейде төтенше жағдай тудырмайды – ДДСҰ

Автор: Azattyq Rýhy

Мамыр айынан бері маймыл безгегі 50-ден астам елде 3 мың адамнан анықталған

Фото ашық дереккөзден

Маймыл безгегінің таралуы халықаралық деңгейде төтенше жағдай тудырмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алайда босаңсуға болмайды. Вирустың таралуын тежеу үшін алдын алу және жаппай үйлестіру ісі үнемі назарда болуға тиіс. Эпидемиологиялық қадағау, науқастарды емдеу, індетті жұқтырғандармен байланыста болғандарды бақылау мен оқшаулау жұмысы да жүйелі жүргізілуі керек. Мамыр айынан бері маймыл безгегі 50-ден астам елде 3 мың адамнан анықталған.