Балқаштағы өндіріс орындарынан жылына 70 мың тонна зиянды қалдықтар шығады

Автор: Azattyq Rýhy

Кәсіпорын  2025 жылға дейін зиянды қалдықтар мөлшерін 70 процентке азайтуды көздеп отыр

Фото ашық дереккөзден

Балқаш қаласындағы өндіріс ошақтарынан жылына шамамен 70 мың тонна зиянды зат ауаға тарайды.Оның 56 мың тоннасы мыс қорыту зауытынан шығады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Алайда Экология департаментінің мәліметінше, бұл қалыпты жағдай, рұқсат етілген межеден аспайды екен. Кәсіпорын басшылығы 2025 жылға дейін зиянды қалдықтар мөлшерін 70 процентке азайтуды көздеп отыр. Себебі келер жылдан бастап өндіріс ошақтарынан бөлінетін қалдық мөлшері күн сайын автоматты түрде анықталатын болады.

 «Күкірт қышқылы цехын саламыз. Толық газдың барлығын күкірт қышқылын шығару арқылы өңдейтін боламыз. Газдың барлығын 100 пайыз алатын боламыз, ауаға ештеңе кетпейтін болады», - дейді Мыс қорыту зауытының директоры Ербол Айбеков.

 «2023 жылдан бастап өндіріс ошақтарынан бөлінетін зиянды қалдықтардың мөлшері күн сайын автоматты түрде мемлекеттік органдарға жіберіліп отырады. Ол ақпаратты ешкім өзгерте алмайды. Биылдан қалмай еліміздегі барлық кәсіпорындар арнайы құрылғы орнатуы тиіс», - дейді Қарағанды облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбеков.