$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында саябақта кәмелетке толмағандарды соққыға жыққандар ұсталды

Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Қостанай облысында саябақта кәмелетке толмағандарды соққыға жыққандар ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері қала саябағында кәмелетке толмағандарды соққыға жыққан төрт жігітті ұстады. Күдіктілердің ұсталғаны туралы Қостанай облысы полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"БАҚ-та жазылған-жазылмағанына қарамастан, мұндай фактілер әрқашан ерекше бақылауда болады. Өйткені бұл кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты болып отыр. Дереу процестік шешім қабылданып, бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды ", - деді Ерлан Омарбеков.

Жасөспірімдердің соққыға жығылғанын көріп, оларға араша түскен Қостанай тұрғыны полицейлерге мән-жайды анықтауға көмектесті.

Қазіргі уақытта полицейлер төбелеске қатысқандардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр.

"Жігіттердің барлығы берекелі отбасыдан шыққан, олар спортпен шұғылданады. Қалғанын тергеу анықтайды", - деді полковник Омарбеков.

Серіктес жаңалықтары