25.06.2022, 10:53
Жаңалықтар
Теміртауда науқасқа көмек көрсетпеген медбике жазаланды
Бұл оқиға жекеменшік емханада болған
Фото ашық дереккөзден
Теміртау қаласында жекеменшік емханада болған оқиғадан кейін медбике тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан қолын кесіп алған жас жігітке дәрігерлер көмек көрсетпей, кабинетте шай ішіп отырғанын көруге болады.
"Қолынан қан ағып жатыр, ал олар "бізде түскі ас" деп қояды", - дейді видео авторы.
Медбикелердің біреуі материал күтіп отырғанын айтқан.
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаның жекеменшік емханада болғанын хабарлады.
"Будь здоров" медициналық орталығының әкімшілігі пациентке дер кезінде көмек көрсетпеген медбикені тәртіптік жазаға тарту түрінде шара қолданды", - деді басқарма мамандары.
Көп оқылған
30.03.2026, 17:55
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Алматы әкімі көлігін тұраққа дұрыс қоймағандардың өзін жазаламақ
30.03.2026, 12:13
Наурыз айының соңғы күндері Қазақстанда 32 градус ыстық болады
30.03.2026, 09:00
1 млн-ға жуық доза: Ұлытау облысында көліктен 3 млн доллардың есірткісі табылды (ВИДЕО)
30.03.2026, 06:19
Таразда кәсіпкердің мәйіті табылды: тергеу жүргізіліп жатыр