Ауа райы: бүгін еліміздің барлық өңірінде қатты ыстық болады

Azattyq Rýhy

Республиканың бірқатар аймағында өрт қаупі сақталады

Ауа райы: бүгін еліміздің барлық өңірінде қатты ыстық болады
fish-hook.ru

Синоптиктер 24 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай болады, елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста, күндіз оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болады», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, күндіз Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Ақмола облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.

Күндіз Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай, Алматы облыстарының батысында, Атырау облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау ауданының оңтүстік-батысында, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.