Полицейлер есірткі граффиттерін байқаған азаматтардан 102 нөміріне хабарлауды сұрайды
Атырауда есірткі жарнамасы бар 22 граффити жойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ медиа орталығына сілтеме жасап.
Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлықтың шеңберінде болжамды тарату, сондай-ақ есірткі құралдарын жарнамалау жүзеге асырылатын сайттарға сілтемелері бар граффити-суреттерді жою бойынша рейдтік іс-шара жүргізді. Рейд барысында 22 граффити өшірілді.
Айта кету керек, бүгінгі күнге дейін бірлескен күш-жігермен қабырғаларды бояу арқылы 150-ден астам заңсыз есірткі жарнамасы жойылған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.