Семейде 1 млн теңгеден астам қаржыны иемденіп кеткен алаяқ ұсталды
Ол пәтер алуға көмектесемін деп қала тұрғынының ақшасын алып кеткен
Семейде пәтер алуға көмектесемін деп зейнеткерді алдап кеткен алаяққолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Семей қаласының 66 жастағы тұрғыны алаяққа алданғаны туралы полицияға шағым түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, 2022 жылдың наурызында бейтаныс әйел оны алдап, сеніміне кіріп, пәтер алуға көмектесемін деген сылтаумен 1 миллион 300 теңгесін иемденіп кеткен.
«Аталған қылмысты ашу және алаяқтық әрекеттерге қатысы бар адамды анықтау үшін криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 52 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды», -деп көрсетті тәртіп сақшылары.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.