Қазақстандықтар бір айда 3 300-ден астам алтын құйма сатып алды – Ұлттық банк

Автор: Azattyq Rýhy

Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады

фото: egemen.kz

2022 жылдың мамыр айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 92,7 келі 3 316 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық банкке сілтеме жасап.

«Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 26%, яғни, 24 493 дана. Одан кейін 20 грамдық құйма көп сатылады – 20 385 дана (22%), 5 грамдық құймадан 19 468 дана (20%), 100 грамдық құймадан 18 679 дана (20%), 50 грамдық құймадан 11 520 дана (12%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады», - делінген хабарламада.