Алматы облысында жас жігіт қаңтарда ұрланған мылтықты қабырғаға қалап тастаған

Azattyq Rýhy

Қару Алматыдағы арнайы дүкендердің бірінен ұрланған

Алматы облысында жас жігіт қаңтарда ұрланған мылтықты қабырғаға қалап тастаған
фото: Алматы қ. ПД

Алматы облысында қаңтарда дүкеннен ұрланған мылтықты қабырғаға қалап тастаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Жедел уәкілдер оның үйінен қабырғаға қаланған «FAIR» маркалы тегіс ұңғылы шолақ мылтықты тапты. Оны ағымдағы жылдың қаңтар айында қаладағы қару сататын дүкендердің бірінен ұрлап кеткен.

«Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ж.есімді азаматтың тек қару сататын дүкенді ғана емес, сондай-ақ, ұялы телефон сататын сауда орнын тонағандығы да анықталды. Мылтық ұсталған азаматтың үйінен табылды. Оны қабырғаға жасырып қойған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты сот қамауға алу туралы шешімді таңдады», - деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.