Бостандық аудандық сотының төрағасы қамалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол ірі көлемде пара алған деп айыпталуда

Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 30 қаңтарда Бостандық аудандық сотының төрағасын қамауға алуға санкция шығарды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуге кедергі келтіруі мүмкін болғандықтан қамауға алынған. Ол мемлекетке қарызы бар азаматтың Қазақстан аумағынан шығуына көмектесу үшін қомақты көлемде пара алған деп айыпталуда.

Сот төрағасын ұстауға ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік қызметі де атсалысқан.