Қарағандыда жаяу жүргіншілер жолағында 18 жастағы бойжеткенді қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жарақат алған бойжеткен ауруханаға жеткізілді

фото. verge.zp.ua

Қарағандыда жаяу жүргіншілер жолағында 18 жастағы бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жол апаты 18 маусым күні сағат 12.12 шамасында Қарағанды қаласында Университетская көшесі бойында болған. «Шевроле» жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 18 жастағы қызды қағып кетті.

Жарақат алған бойжеткен жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

«Полиция бұл фактіні тіркеуге алды, тиісті сараптамалар жасалады. Оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады», - деп көрсетті Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тегтер: