Жезқазғанда әйел адам автокөліктің шанағын ұрлап, металға өткізіп жіберген

Azattyq Rýhy

Жәбірленушіге келтірілген шығын 800 мың теңге

Жезқазғанда әйел адам автокөліктің шанағын ұрлап, металға өткізіп жіберген
фото: dailynews.kz

Жезқазғанда әйел адам автокөліктің шанағын ұрлап металл сынықтарын қабылдайтын жерге тапсырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жезқазған қаласының тұрғыны қоймалардың бірінің аумағына қозғалтқышы мен дөңгелектері жоқ Mercedes-Benz автокөлігін уақытша қалдырып кеткен.

Кейін ер адам көлігінің шанағын тексеруге барғанда оның ұрланғанын көріп, полицияға шағым түсірген.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тергеу-жедел тобының қызметкерлері күдікті 47 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол шанақты металл сынықтарын қабылдайтын жерге тапсырғанын түсіндіріп, мойындады. Бұл ретте түскен 20 мың теңгені өз мұқтажы үшін пайдаланған», - деп көрсетті Жезқазған қаласының Полиция басқармасы.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.