19.06.2022, 16:34
Жаңалықтар
Ақтөбеде элеватордан құлаған 9 жасар бала қайтыс болды
Оқушы мамыр айының соңында қараусыз қалған элеватордан құлаған
Ақтөбеде элеватордан құлаған 9 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
9 жасар бала 31 мамыр күні қаланың ескі бөлігіндегі қараусыз қалған элеваторда биіктіктен құлап кеткен. Ол облыстық балалар ауруханасына ес-түссіз хәлде жеткізілген.
Дәрігерлердіі айтуынша, бала жасанды тыныс алу аппаратына қосылып жансақтау бөлімінде жатқан.
«Дәрігерлер бар жағдайды жасағанымен 18 маусым күні сағат 22:00-де бала қайтыс болды», - деді Балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды