Бүгін елімізде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Azattyq Rýhy

Республиканың солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер дүйсенбі, яғни 20 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚР территориясында тұрақсыз ауа райы сақталады, соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады. Республиканың солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар бұршақ, дауыл болады. Республиканың батысында, солтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Атап айтқанда, Ақмола облысының басым бөлігінде найзағай болады, облыстың солтүстігінде батысында бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзғай, батысынйы:да шаңды дауыл болады,  батысында, шығысында, таулы аудандарда жел 17-22 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей уақытында найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ, батысында , солтүстігінде шаңды дауыл болады, облыстың батысында, таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады, солтүстік жартысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай, солтүстік-батысында жел 18 м/с күшейеді.

Қостанай облысының батысы мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады, батыста, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, бұршақ болады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында дауыл, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай болады, күндіз солтүстік-шығыста, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м / с күшейеді, таңертең және күндіз оңтүстікте, орталықта найзағай, дауыл, күндіз солтүстікте шаңды дауыл болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.