$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

2025 жылға қарай Баянауылда демалушылар саны 400 мыңға жетуі мүмкін

Ресми ақпарат бойынша өткен жылы Баянауыл ұлттық саябағына 56 мың адам демалуға келген

2025 жылға қарай Баянауылда демалушылар саны 400 мыңға жетуі мүмкін
фото: el.kz

2025 жылға қарай Баянауылда демалушылар саны 400 мыңға жетуі мүмкін. Бұл туралы экологиялық кеңестің отырысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Отырысқа қатысқан ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Әлия Шалабекова Баянауылда Жасыбайдан басқа көлдерде демалыс аумағын дамыту керектігін айтты.

«Ресми ақпарат бойынша өткен жылы Баянауыл ұлттық саябағына 56 мың адам келген. Бұл көрсеткіш төмендетіліп көрсетілген деп санаймыз. Біз 120 мың адам демалды деп ойлаймыз. Бұнда келушілер санын бақылау үшін өткізу бекеттері автоматтандырылды, шлагбаум орнатылды, тағы 2 бекетте жұмыс жасалуда. Сондай-ақ Жасыбай көлі өзінің жүктемесіне жетті деп ойлаймыз. Бұнда басқа көлдерді қарастыру керек. Мүмкіншілік бар», - деді Әлия Шалабекова.

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева жыл сайын Баянауылға келетін туристер саны өсетінін атап өтті.

«Туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша Баянауылға келетін туристер саны жылына 400 мыңға жетуі мүмкін. Осындай жағдайда курорттық орындар мен аудан орталығының инфрақұрылымдық мәселесін шешу бірінші орынға шығады», - деді Әйгерім Қабылтаева.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов келген туристердің нақты санын білу үшін Қазақстандағы барлық курорттық аумақтарда басқарудың бірыңғай жүйесін жасап шығару керектігін айтты.

«Туристер легін нақты анықтай алмау мәселесі Баянауылдағы демалыс орындарына ғана қатысты емес. Барлық жерде солай. Бізде бірыңғай жүйе болсай нақты санды көріп отыратын едік. Қазір ешкім нақты неше адам келгенін білмейді. Тіпті, бір турист демалу үшін бірнеше рет келген болуы мүмкін», - деді Әбілқайыр Сқақов.

Серіктес жаңалықтары