Елордада ер адам өзімен танысудан бас тартқан әйелді тонап кетті
Полицейлер «Тонау» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр
Елордада ер адам өзімен танысудан бас тартқан әйелдің «Айфон11» ұялы телефонын алып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 36 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жәбірленуші күдіктімен дәмханада танысқан. Қоғамдық орын жабылғаннан кейін, ер адам онымен бірге барып, таныстықты әрі қарай жалғастыруға шақырған. Алайда айел бас тартқан. Соған намыстанған ер адам әйелдің ұялы телефон алып қашып кеткен», -деп көрсетті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша «Тонау» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.