Биыл Алматыда 12 мыңнан астам түлек мектеп бітірді
Бүгін Алматыда мектеп түлектерін «Алтын белгі» белгісімен марапаттау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Биыл қала мектептерін 12 мыңнан астам түлек бітіріп, оның ішінде 605 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.
Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың үздік түлектерін құттықтап, оларға жоғары оқу орындарына түсу кезінде табыс тіледі.
Салтанатты шараның шарықтау шегі Қазақ ұлттық опера және балет театры вокалистерінің музыкалық сүйемелдеуімен орындалған түлектердің вальсі болды.