Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Өткен жылы 1,5 млрд текше метр газ жағылды деген болжам бар
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Энергетика министрлігін шетелден тасымалданатын газдың көлемін азайтып, көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін отандық ресурстарды пайдалануға шақырды.
«Біздің ішкі көздеріміз бар - ілеспе газ. 30 жыл бойына Қазақстандағы барлық газ жағылып отырды немесе қабаттарға айдалды. Аз бөлігі ғана экспортталды. Біздің мәліметтеріміз бойынша, «Қарашығанақ», «Теңіз» және «Қашаған» компаниялары өткен жылы өндірілген газдың 40% - ға жуығы қайтадан қабаттарға айдалды", - деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат Төрағасы газдың қажетті қысымда ұстап тұру үшін қабаттарға айдалып жатқанын және бұл қажетті технологиялық процесс екенін атап өтті. Алайда, көптеген елдерде бұл мәселені шешудің заманауи әдістері бұрыннан қолданылып келеді.
«Өткен жылы 1,5 млрд текше метр газ жағылды деген болжам бар. Егер біз бұған дейін тұтыну газын өндіру бойынша газ өңдеу зауыттарын салғанда, біз газбен толық қамтамасыз етілер едік», - деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат Төрағасының айтуынша, Қазақстан көршілерінен газ импортының мүмкіндіктерін пайдалануы керек. Алайда, стратегиялық бағытта ілеспе газды қайта өңдеу және өңдеу зауыттарын салу маңызды.
«Біз ілеспе газға ұтымды қарап, оны экономикамыз бен тұтынушыларымыздың қажеттіліктері үшін пайдалануымыз керек. Газ-отынның салыстырмалы түрде таза түрі, оған тұтынушылар да, бизнес те қажет. Егер газ әрбір облысқа жеткізілетін болса, онда бұл әртараптандырудың энергетикалық негізі болады», - деп атап өтті Спикер.
Оның айтуынша, министрлік осы бағытта жұмыс істеуі керек, ал сенаторлар өз кезегінде заңнамаға қажетті түзетулер енгізуге дайын.