«MOSKVA metropolitan» сауда орталығына бомба қойылғаны туралы хабарлама жалған болып шықты
Қазір сауда ойын-сауық орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Алматыда «MOSKVA metropolitan» сауда ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы хабарлама жалған болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде сауда ойын-сауық орталығына келушілерді эвакуациялау сәтінің видеосы тарады. Аталған жайт бойынша сауда орталығының әкімшілігі мәлімдеме жасады.
«Құқық қорғау органдары сауда ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы 102 пультіне қоңырау түскенін хабарлады. Нәтижесінде сауда ойын-сауық орталығына әкімшілігі, күзет қызметі және құқық қорғау органдары жалға алушылар мен келушілерді эвакуациялау үшін, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының іс-шараларды одан әрі жүзеге асыру үшін тиісті сценарий әзірледі. Қысқа мерзімде қабылданған іс-шаралар нәтижесінде хабарламаның жалған екендігі анықталды», - делінеді сауда орталығының өкілі таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта «MOSKVA metropolitan» сауда ойын-сауық орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.