Бұған Солтүстік Африкадан келген жылы ауа ағыны себеп болып отыр
Испанияда күн шыжып тұр. Аптап ыстық әдеттегіден ерте басталды. Кей қалаларда сынап бағанасы 42 градусты көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Аптап ыстықтан адамдар ағаш көлеңкесін саялауға мәжбүр. Ал синоптиктер мұндай ауа райы соңғы 20 жылда алғаш рет тіркеліп отырғанын айтады. Бұған Солтүстік Африкадан келген жылы ауа ағыны себеп.
"Күн жанып тұр. Далада жүру мүмкін емес. Ыстықтан желдеткіші бар бір ғимараттан екінші ғимаратқа кіріп салқындауға мәжбүрміз. Ыстықтан далаға шыға алмай отырмыз. Үйдің іші де ысып кететіні соншалық желдеткішсіз шыдай алмайсың", – дейді жергілікті тұрғындар.