Журналистер арасындағы «AMANAT» МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ – 2022» республикалық байқауына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр

Azattyq Rýhy

Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы 10 номинация бойынша анықталады

Журналистер арасындағы «AMANAT» МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ – 2022» республикалық байқауына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр

«AMANAT» медиа сыйлығы БАҚ жанрына қарамастан тақырыптық бағыттар бойынша беріледі. Сондай-ақ, байқауда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығы, Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» және белсенді азаматтық ұстанымы үшін номинациялар қарастырылған. Бұл туралы Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өтінімдер 20 маусымға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 24 маусым күні салтанатты түрде марапатталады. Биылғы байқаудың үздіктері мүсіншемен және қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы 10 номинация бойынша анықталады.

Тақырыбы бойынша:

  • «Жаңа Қазақстанды» құру туралы үздік материал;
  • «AMANAT» партиясының трансформациясы туралы үздік материал;
  • Әлеуметтік мәселеге арналған үздік материал;
  • Аймақ туралы үздік материал;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы; туралы үздік материал;
  • Жастар туралы үздік материал;
  • Рухани-мәдени дамуға арналған үздік материал.

Арнайы сыйлықтар:

  • Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығы;
  • Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы;
  • Белсенді азаматтық ұстанымы үшін сыйлығы.

Толық ақпаратты amanatpartiasy.kz сайтынан алуға болады.

Байланыс үшін: 8-7172-916-005, 8-778-097-55-23.

Электрондық мекенжай: media_premiya@amanatpartiasy.kz

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.