Республикалық бюджеттің тағы бір донор аймағы пайда болуы мүмкін

Ұлттық экономика министрі Қуантыровтың айтуынша бұл Алматы облысы болады

Республикалық бюджеттің тағы бір донор аймағы пайда болуы мүмкін
Фото: Abai.kz

Қазір республикалық бюджетке Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, сондай-ақ мұнайлы Атырау мен Маңғыстау облыстары донор болып отыр. Ал енді бұл қатарға Алматы облысы қосылуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қуантыров жаңадан құрылған үш облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды.

«2022 жылдың соңында Абай облысының жалпы аймақтық өнімінің көлемі 2 трлн теңге, Жетісу облысының осы көрсеткіші 1,1 трлн теңге, ал Ұлытау облысының ЖАӨ 1,3 трлн теңге болады деген болжам бар», - деп хабарлады ол.

Ал жаңа аймақтардың таза кірісіне тоқталған ол биыл Абай облысы 70 млрд теңге, Жетісу облысы 58 млрд теңге, Ұлытау облысы 48  млрд теңге көлемінде өз бюджеттеріне таза кіріс түсіре алады деген болжамын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, осы үш облыстың құрылып, қалыптасуы үшін бюджеттен 12 млрд теңге керек.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.