Жаңа облыстарға бюджеттен 12 млрд теңге қажет – Ұлттық экономика министрі

Бюджеттен қаражат бөлу мәселесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сай тәртіппен шешіледі

Жаңа облыстарға бюджеттен 12 млрд теңге қажет – Ұлттық экономика министрі

Жаңа облыстарды құруға қажетті соманың алдын ала есебіне сүйенсек, үш аймақты құруға 12 млрд теңге керек болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жергілікті атқарушы органдар облыс орталықтарынан әкімшілік ғимарат жалдап, оны жөндеп, қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету үшін қажетті бюджет қаражатын алдын ала есептеді. Жалпы алғанда үш облысты құруға қажетті алдын ала қаражат 12 млрд теңге болды», - дейді министр.

Бюджеттен қаражат бөлу мәселесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сай тәртіппен шешіледі.

«Облыс әкімдері күні кеше ғана тағайындалды. Енді жуық арада мәслихат сессиясы өтіп, облыстарды басқару кестесі бекітіледі. Содан кейін тиісті басқармалар құрылып, кадрлық тағайындаулар жүреді», - деп түсіндірді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.