Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге 3 млн теңгеден төленді

Azattyq Rýhy

Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының баспасөз қызметі хабарлады

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге 3 млн теңгеден төленді
Фото: gov.kz

«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге ақшалай төлем жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қор Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ауыр жарақаттанған 5 қызметкеріне және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне әрқайсысына 3 миллион теңгеден төлем жүргізді.

«Төлемдер жоғарыда аталған мемлекеттік органдардан алынған ресми тізімдер негізінде жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қор 19 қаза болғандардың отбасы мүшелеріне 7 млн ​​теңгеден және жоғарыда аталған органдардың ауыр жарақат алған 106 қызметкеріне 3 млн теңгеден ақшалай аударымдар жүргізген болатын.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.