Президент осы аптада Ұлытау, Петербор, Тегеранға барады

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысының осы аптадағы жұмыс кестесі

Маусымның 16-ы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Маусымның 17-і күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады.

«Мемлекет басшысы Форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.

19 маусымда Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады.

Тегеранда жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізу және бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр», - делінген БОРТ N1 Telegram-арнасында.