$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да алаяқтар әйел адамның атынан екі млн теңге рәсімдеген

Күдікті Алматы қаласында қолға түсті

СҚО-да алаяқтар әйел адамның атынан екі млн теңге рәсімдеген
Фото ашық дереккөзден

Алаяқтар СҚО тұрғынының атынан 2 млн теңге несие алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтардың арбауына түсіп қалған СҚО Тайынша ауданының 38 жастағы тұрғыны үш ай бойы несие төлеп келген. Ақпан айында өзін банк қызметкерімін деп таныстырған ер адам әйелге қоңырау шалып, белгісіз біреулер оның атына несие ресімдеп алмақшы болғанын хабарлаған.

Әңгімелесудің нәтижесінде алаяқтар әйелдің жеке деректерін иемденіп, екі банктен 2 миллион теңге көлемінде онлайн несие алған. Біраз уақыттан соң ол аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жүгінген. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, қызмет барысында арам пиғылын іске асырған тұрғынды Алматы қаласында ұстады.

Мамырдың 22-сі күні учаскелік полиция инспекторы жәбірленуші әйелге қуанышты хабарды жеткізген.

«Осы үш айдың ішінде мен күйзеліске түсіп, өзімді нашар сезіндім. Полицейлер алдымдағы тұрған қиын мәселенің шешімін тауып берді. Осындай қылмыстарды ашуда оларға табыс, барлық жақсылықты тілеймін. Еңбектері жемісті болсын. Рахмет сіздерге!» – ауыл тұрғыны СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың атына жолдаған алғыс хатында осылай деп жазған.

Серіктес жаңалықтары