$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алаяқтар жыл басынан бері елордалықтарды 600 млн теңгеге отырғызып кетті

Нұр-Сұлтан полицейлері интернет-алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткені туралы ескертті

Алаяқтар жыл басынан бері елордалықтарды 600 млн теңгеге отырғызып кетті
Фото ашық дереккөзден

Полицейлер алаяқтықтың 200 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Азаматтарға келтірілген жалпы шығын 600 млн теңгеден асады. Бұл туралы Azattyq Ruhy қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті түрлі ведомстволардың басшылары мен қызметшілерінің атынан қоңырау шалумен байланысты алаяқтықтың жиілеп кеткені туралы ескертті.

«Биыл мамыр айында бір топ алаяқ кәсіпкердің 100 млн теңгеден астам ақшасын ұрлап кеткен. Өз мәлімдемесінде ол белгісіз адамдар оған қоңырау шалып, өзін прокуратура қызметкерлері ретінде таныстырғанын айтты. Қоңырау шалушылар ҚР Ұлттық Банкімен бірлесіп, оған несие рәсімдеуге тырысып жатқан алаяқтарды әшкерелеу бойынша іс-шаралар өткізіп жатқанын хабарлаған. Әңгіме барысында алаяқтар өтініш берушіні барлық жинақтарын шешіп алуға және оларды сақтау үшін терминал арқылы резервтік шоттарға жіберуге көндірген. Жәбірленуші «банк қызметкерлеріне» сеніп, олар айтқандай 100 миллион теңгеден астам жинағын шоттарға жіберген. Тек бірнеше күннен кейін ғана жәбірленуші алаяқтардың айла-амалын түскенін және оған құқық қорғау органдарынан ешкім қоңырау шалмағанын түсінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ҚР банк карталары мен қолма-қол ақша табылған күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін полицейлер белгілі бір сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

  • Егер сізге осындай қоңырау түссе, ешқандай жағдайда SMS-кодты бермеңіз! Әңгімені тоқтатып, банктің колл-орталығының ресми телефондары бойынша ақпаратты нақтылаңыз.
  • Мобильді банкинг қосымшаларына күрделі парольдерді орнатыңыз, оларды мезгіл-мезгіл өзгертіп отыру керек.
  • Барлық қауіпсіздік шараларын қосу қажет, 3D-Secure, сіздің телефон нөміріңізге СМС-хабарлама жібермей ешқандай төлем өтпейді. Операцияларды жүргізу үшін осы кодты енгізу арқылы ғана растай отырып, сіз қандай да бір төлем операциясын жүргізе аласыз. Сондықтан мұндай қауіпсіздік әдістерін қосу керек.
Серіктес жаңалықтары