Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Балабақша басшылары 2019-2021 жылдар аралығында балалардың қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізіп, мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың «Балапан» бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді.
Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», - делінген Қаржылық мониторинг агенттігі хабарламасында.